№1 қалалық емхананың мәжіліс залында Облыстық онкология орталығының ішкі аудит және пациенттерді қолдау ісі жөніндегі орынбасары Тілеубаева А.А және статист дәрігер Ержігіт А. « БМСК деңгейінде онкологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарты» және «Қатерлі ісікті ерте анықтау» тақырыбында медицина қызметкерлері арасында семинар өткізілді.
Семинар барысында қатерлі ісікті ерте анықтауда онкоқырағылықтың маңызы және ақпараттық жүйе арқылы онкомаркерді уақытылы нақтылану жағдайларын және «Онколог дәрігердің жұмысын ұйымдастыру тәртібі», «Д» есепке қою, диспансерлеу мәселерлері», «Ауырсынауға қарсы терапия» тақырыптарында дәрістер оқылып, қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарына жауап беріліп, ұсыныс-пікірлері тыңдалды



