2023 жылдың 31-ші қаңтарында № 1 қалалық емхананың 2022 жылы атқарылған жұмыстарының қорытындысы бойынша Облыстық денсаулық сақтау басқарма басшысының орынбасары Ж.Шайымбетовтың қатысуымен жиналыс өткізілді.
Жиналыс барысында бас дәрігердің емдеу ісі жөніндегі орынбасары Г.Қ.Бердімағанбетова 2022 жылда атқарылған іс-шаралардың қорытындысы туралы мәлімдеме жасады.Сонымен қатар бас дәрігердің <<ана мен бала>> жөніндегі орынбасары Г.А. Сұлтангереева <<дені сау ұлт>> жобасын орындау мақсатында индикаторларға қол жеткізу туралы арнайы тоқталып өтті.Және де 2022 жылы жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен арыз шағым туралы пациенттерді қолдау және ішкі аудиті жөніндегі орынбасары Г.Сарсенбаева тоқталып өтті.
Емхананың кәсіп одақ ұйымының төрағасы Ғ.О.Жұмаш және емхананың бас есепшісі Э. Ильясова 2022 жылғы атқарылған жұмыстары туралы есеп берді.
Жиын соңында облыстық денсаулық сақтау басқарма басшысының орынбасары Ж.Шайымбетов емхананың атқарылған жұмыстарына <<оң>> баға беріп,медицина қызметкерлеріне алғысын білдіріп,алдағы уақытта жұмыстарына сәттілік тіледі.



