Skip to content
Басты бет » Пациенттерді қолдау қызметі

Пациенттерді қолдау қызметі

Сәлеметсіздер ме!

Сіздерге  ШЖҚ «Ақсу қаласының қалалық ауруханасы» КМК–ның пациенттерді  қолдау және ішкі бақылау қызметі көмек  көрсетуге  әзір.

Пациенттерді қолдау  және ішкі бақылау қызметінің мақсаты

 –  шешілмеген мәселелерді анықтау және медициналық көмек көрсету сапасын жақсарту.

Егер Сіздер:

—    медициналық көмек көрсету сапасымен қанағаттанбасаңыздар;

—    медициналық қызметкерлер тарапынан дөрекі қарым-қатынасқа тап болсаныз;

—    тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде  көрсетілетін медициналық қызметтер үшін медициналық қызметкерлердің ақша талап ету фактілері болған жағдайда;

—    сондай-ақ  егер Сіз медициналық көмек көрсету тәртібіне немесе сапасына байланысты шешілмеген мәселелерге тап болсаңыз, Сіз пациенттерді  қолдау көрсету қызметіне жүгіне аласыз.

Сіз шағымыңызды, аты-жөніңізді және мекенжайыңызды көрсетіп емхана мен ауруханада орналасқан өтініштер мен шағымдарға арналған жәшікке қалдыруыңызға болады. Сонымен қатар Сіз біздің сайтымызға өз шағымдарыңызды жазуыңызға болады:  aksu.web7.kz

Пациенттерді қолдау көрсету қызметі шағымыңызды мүмкіндігінше тез қарап, күнтізбелік 5 күннен аспайтын мерзімде шағымыңызды қарау нәтижесі бойынша ақпаратты ұсынады.

Пациенттерді қолдау көрсету қызметіне ем қабылдап жатқан емделушілер, сонымен қатар олардың туыстары шағымдануға құқылы.

Біздің ұйымымыздың медициналық көмек көрсету сапасының жақсаруына өзіңіздің үлесіңізді қосқаныңыз үшін Сізге алғысымызды білдіреміз.

Құрметпен, ШЖҚ «Ақсу қаласының қалалық ауруханасы» КМК   Пациенттерді Қолдау Көрсету Қызметі

Пациенттерді қолдау  және ішкі бақылау қызметінің Сенім телефонының нөмірі: 8 (71837) 4-99-43