Skip to content
Басты бет » Туберкулезді анықтауда қырағылық күшейтілуде!!

Туберкулезді анықтауда қырағылық күшейтілуде!!

2023 жылдың 10 ақпан күні №1 қалалық емхана қызметкерлеріне Облыстық фтизиопульмонология орталығының мониторинг және бағалау тобының жетекшісі: Рахманбердиева Гүлшат Байзаковна және координаторлар: Арынбаева А.С ; Сағындиков Е.К. «Туберкулез профилактикасы жөніндегі іс-шараларды жүргізу қағидалары» тақырыбында семинар сабақ өткізілді.
Семинар барысында медицина қызметкерлеріне туберкулездің қазіргі кездегі мәселелеріне, оның ішінде науқастарды дер кезінде анықтауда қолданылып жатқан зертханалық заманауи жедел әдістер туралы және туберкулезді емдеуде қолданылып жатқан жаңа дәрілер мен олардың жанама әсерлері , туберкулезді алдын алу жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, қойылған сұрақтарға толық жауап берілді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *